Мойынқұм таңы

Партия қатарына жаңа мүшелер қабылданды

0 26

«AMANAT» партиясы елімізде ірі саяси құрылымдардың бірі. Партия қатарында мыңдаған мүше бар. Саяси құрылым ретінде партия еліміздің дамып, өсіп-өркендеуіне елеулі ықпал етіп келеді. Еліміздің жоғарғы заң шығарушы органдары қос палаталы Парламентке, жергілікті облыстық, аудандық мәслихаттардағы депутаттардың басым көпшілігі осы партияның мүшелері.

Осы аптада «AMANAT» партиясының аудандық филиалында ерекше жиын өтті. Өз қа­лауларымен партияға мүшелікке өтуге ниет білдірген бір топ жастарды партия қатарына қабылдауға арналған жиын өтті.

Жиында партия филиалының төрағасы Манарбек Өсербекұлы Көшкімбаев сөз алып, партияның мақсаты мен міндеттерін, сайлау­алды бағдарламасының орындалу барысын қатысушыларға жан-жақты түсіндіріп берді. Содан соң ол партия қатарына өтуге ниет білдірген жастарға мүшелік билеттерін салтанатты түрде тапсырды. Жиында партия белсендісі, аудандық мәслихаттың төрағасы Нұртас Саурықов та сөз алып, саяси қадамын бастағалы отырған жастарға ақыл-кеңесін айтып, қоғам дамуындағы әр жәйтқа бей-жәй қарамай белсенділік танытуға шақырды.

Жиын соңында партияға мүшелікке қабылданған жастар естелік ретінде суретке түсті.