Мойынқұм таңы

Кеншілерді қолдау толастамайды

0 42

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ержан Әмірханов Ақбақай ауылында орналасқан «Алтыналмас АҚ» Ақбақай филиалына арнайы барып қайтты.

Өз кезегінде Ержан Әлімханұлы өндіріс орны кеншілерін жыл сайын тамыз айының соңғы жексенбісінде тойланатын Кеншілер күнімен арнайы құттықтап, шах­талық қызметте жүрген бірнеше кеншілерді «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, аудан әкімінің Құрмет грамотасымен, аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.

Іссапар кезінде аудан әкімінің міндетін атқарушы Ержан Әлімханұлы Әмірхановқа бірқатар ауыл тұрғындары жолығып, филиалға жергілікті тұрғындардан жұмысқа алу көлемін өсіруді, медициналық көмекті жетілдіру жайын қарастыруды өтінді.
Сондай-ақ Ақбақай ауылындағы орта мектептің қысқы жылыту маусымына дайындығын, қазандығының жай-күйін анықтап қайтты.

Одан кейін Мирный ауылындағы ауыз су мәселесі бойынша ауыл тұрғындарымен кездесіп, аталған мәселенің мән-жайын зерделеді.