Аудан әкімдігі ғимаратында аудан әкімінің міндетін атқарушы Ержан Әмірханов қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға алдын ала жазылған ауданның бірнеше тұрғыны келіп, көкейдегі сауалдарына тиісті заңнамалар аясында түсініктер алды. Атап айтқанда тұрғындар үй мәселесі, әлеуметтік көмек, ауданның 60 жылдығын атап өту сияқты мәселелермен қайырылды.
Аталған мәселелер бойынша аудан басшысы әр сұранысқа жауапты басшыларға нақты тапсырмалар беріп, сауалдардың орындалу барысын жеке бақылауда ұстайтынын жеткізді. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Төлеулиев, аудан әкімі аппаратының басшысы Нұркелді Қазақбайұлы мен тиісті бөлім басшылары қатысты.