Мойынқұм таңы

Шалғай ауылдар назардан тыс қалмайды

0 25

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ержан Әмірханов аудан орталығынан шалғай жатқан Шығанақ, Мыңарал елді мекендерін аралап, білім ошақтары мен мәдениет үйлерінің және спорт кешендері жұмыстарымен танысты.

Атап айтар болсақ Шығанақ ауылындағы Шығанақ орта мектебінің жаңа оқу жылына арналған талаптардың сақталуын, одан соң Шығанақ ауылдық спорт кешенінің материалдық жабдықталуы мен жағдайын бақылады ауылдық клуб ғимаратында ауыл тұрғындарымен жиын өткізді.

Одан соң аудан басшысы Мыңарал ауылына ат басын бұрды. Бұл мекенде жаңадан соғылып жатқан мектеп құрылысы жұмыстары мен ауылдық клуб ғимаратының жаңа оқу жылында оқушылар оқитын орындарымен танысты.
Сапар барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Е.Әмірханов пен аудандық мәслихат төрағасы Н.Саурықов Шығанақ, Мыңарал ауылдарының зиялы қауым өкілдері және ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіп, ауыл тұрғындарының сауалдарын тыңдады.

Сондай-ақ аудан әкімінің міндетін атқарушы Е.Әмірханов 30 тамыз – Конс­титуция күні мерекесіне орай Шығанақ, Мыңарал ауылдарына еңбегі сіңген азаматтарға арнайы аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен аудан әкімінің Алғыс хатын табыс етті.

Жиын барысында Ержан Әлімханұлы қойылған сауалдарды саралап, анықталған кемшіліктер бойынша тиісті бөлім бас­шысына және ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.