Мойынқұм таңы

Халықтық штаб мүшелері шалғай ауыл тұрғындарымен кездесті

0 46

Халықтық штаб мүшелері ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Е. Саурықов, облыстық мәслихат депутаты А. Райқұлов, аудандық мәслихаттың төрағасы Н.Саурықов Мыңарал, Шығанақ ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді. Балхаш көлінің бойында орналасқан ауыл тұрғындары өздерін толғандырған АЭС салуға қатысты сұрақтарын қойды. Спикерлер өз сөздерінде еліміздің экономикасына үлкен серпіліс бергелі тұрған АЭС-ті салудың маңыздылығы туралы айтып, ауданымыз көркейе түсетінін, жұрт жұмыспен қамтылып, экономикамыз өркендейтінін сөз арасына қосты.

Елдің энергетикалық жүйесінің тұрақтылығы мен қауіп­сіздігін қамтамасыз ету үшін жаңартылатын энергия көздері мен атом электр станцияларын салудың қаншалықты тиімді әрі пайдалы екені туралы түсіндірілді. Қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Кездесуде сөз алған ауданның Құрметті азаматы Б. Екібаев ауыл азаматтарын АЭС салуды қолдауға шақырып, топ мүшелеріне алғысын жеткізді. Сондай-ақ ауыл тұрғындары жайылым жер, көше жарығына қатысты сауалдар қойып, сұраққа нақты жауаптар берілді.