Әйгілі француз жазушысы аналар жайлы былай дейді: нәзіктік атаулының жиынтығы ананың алақаны, сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя. Әр адам үшін анадан артық жан жоғы талқыланбайтын тақырып екені белгілі. Бір емес алты-жеті баланы дүниеге алып келіп, дұрыс тәрбие беріп, азамат етіп өсірудің өзі ерлікпен тең. Осы орайда Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 6 қыркүйектегі №645 Жарлығымен төмендегі көрсетілген тізімдегі аналар «Алтын және «Күміс» алқаларымен наградталды.
Қарабөгет ауылының тұрғыны Байжуманова Лаура Кебековна мен Ақбақай ауылының тұрғыны Махимова Эльвира Манатаевна «Алтын алқамен», Айдарлы ауылының тұрғыны Абзиева Айсулу Узакбаевна мен Хантау ауылының тұрғыны Курманиязова Фариза Дунаевна «Күміс алқамен» наградталды.
Айта кетейік, салтанатты рәсім аудан әкімдігі ғимаратында өтті, алайда бірер ай бұрын Айсулу Абзиева жолдасымен жол апатына ұшырап, төсек тартып қалуына байланысты аудан басшысы Карентаев Ермек Амангелдіұлы «Күміс алқа» иегерінің үйіне арнайы барып, орамал жауып, медалін табыстап, ем-домына қаржылай көмек көрсетті.