Мойынқұм таңы

Ұстаздар күні сән-салтанатымен аталып өтті

0 25

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» демекші бала­бақшадан бастап мектеп, колледж, жоғарғы оқу орындары болсын білім беру саласының қызметкерлеріне жүктелетін жауапкершілік өте үлкен. Мұғалімдердің берген білімі мен тәрбиесінің сапасы қандай болса ұлттың болашағы да сондай деңгейде болады. Сондықтан да ауданымызда ұстаз еңбегі бағаланып, өздері құрметтелуде. Ұстаздар күні мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде «Ұстаз – ұлы есім» атты салтанатты шара өтті.

Салтанатты шара Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының 75 оқушысынан құралған осы мектеп-гимназиясының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, музыка пәнінің мұғалімі Еркебұлан Дүзелбайдың жетекшілігіндегі кереметтей хордың «Ұстазым», «Если с другом вышел в путь», «Вместе весело шагать» әндерімен ашылды.

Мерекелік шараның алғашқы құттықтау сөзі аудан әкімі Ермек Карентаевқа берілді.

-Алты алаштың басы қосылғанда ең мәртебелі орын ұстаздарға тиесілі деп ұлт зиялысы Мағжан Жұмабаев атап өткендей, ұстаздың қадірін, мұғалім мәртебесін көтеру мәселесі күн тәртібінен түскен емес. «Бір әріп үйреткенге қырық жыл сәлем бер» деген сөздің астары тереңде.

Мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілеймін! Шаңырақтарыңызда бақыт пен жайлылық салтанат құрсын! «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны» деген теңеулер тек сіздерге арналады, -деп ұстаздар қауымына ақ тілегін арнаған аудан басшысы бірқатар сала қызметкерлеріне түрлі марапаттар табыстады.

Атап айтар болсақ, ардагер ұстаздар Жақсылық Үдербаева мен Қарлығаш Төленова «Еңбек ардагері» медалімен, М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Қарлығаш Амантаева «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен, М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Антонина Жидкова мен Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Сәрсенкүл Елеусінова «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» медалімен наградталды.

Сондай-ақ Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Рая Тойғұлиева, Ә.Төлепбергенов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ләйлә Нақыпбекова, «Балбөбек» бөбекжай бақшасының меңгерушісі Фатима Сқақова Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Құрмет грамотасымен, К.Қасымов атындағы шағын орталықты орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Земфира Ниязбекова, «Самал» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі Анар Сарсембетова, Балалар Саз мектебі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Индира Манапбаева, М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Анаркүл Байбатырова, аудандық білім бөлімінің әдіскері Дидар Бекжанова Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен қатар, О.Жандосов атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Салтанат Шаханова, Қ.Сәтбаев атындағы шағын орталықты орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гүлнәр Мұсаева, Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Қалдыкүл Асылбекова, Балалар саз мектебінің домбыра сыныбының мұғалімі Ғалымжан Иетаев, Ақбақай негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Айжан Алпысбаева, «Балапан» бөбекжай бақшасының меңгерушісі Жұмакүл Айжарықова, Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің педагог-психологы Маржан Жылқыбаева аудан әкімінің Құрмет грамотасымен, Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жанат Медеуова, А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Айгүл Шыныбекова, Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұға­лімі Сабира Қалжан, Экологиялық орталықтың педагог-ұйымдастырушысы Әрсен Несіпбаев, Т.Рысқұлов атындағы тірек мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ақерке Тұрсындар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Келесі кезекте аудандық мәслихат аппаратының басшысы Ұлан Әліпбеков, аудандық білім бөлімінің басшысы Жайдар Жазықбаев, аудандық білім қызметкерлері кәсіптік одағының төра­ғасы Бақтияр Махамедовтар ұстаз­дарды осынау мерекемен құттықтап, бірқатар сала қызметкерлеріне түрлі дәрежедегі марапаттар табыс етті.

Құттықтаулар легін ауданның білім саласының ардагері Айнаш Боташева қорытындылады.

Салтанатты жиын концерттік бағдар­ламамен жалғасын тапты. Концерттік бағдарламада Өнер және қосымша білім беру мектебінің оқушылары «Құрбылар», «Шашу» билерімен көрермен көзайымы болса, Аруна Ерланқызы «Ұстазым» әнімен көрермендер көңілін көтерді.

№1 орта мектебінің директоры Нұркен Пернебаевтың «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты драмасы жиналғандарға ұстаздықтың дәрежесін тағы бір дәлелдеп берердей ой салды. Драмманы автордың өзі бастаған №1 орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары асқан шеберлікпен орындап шықты.

Салтанатты шараның соңында Ержан Омаров пен Інжу Мақсұт «Ұстаз» әнін орындаған сәттегі көздің жауын алатын от шашу ұстаздар қауымына тағы бір жылы сезім ұялатқаны залдағы қошеметтен байқалғандай болды.