Өткен аптада аудан әкімі Ермек Карентаев аудан тұрғындарын жеке өтініштері бойынша қабылдады. Азаматтар тұрғын үй, жұмыспен қамту, қаржылай көмек және отандық өнімге қолдау көрсетуді сұрады. Аудан басшысы кейбір азаматтардың өтініштерін сол жерде шешсе, қалған өтініштер зерделеніп, жақын күндері нақты жауабы берілетіндігін айтты.
Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары Ержан Әмірханов, аудан әкімі аппаратының басшысы Нұркелді Қазақбайұлы қатысты.
Қабылдау нәтижесінде ауыл азаматтарының өтініштері бойынша тиісті лауазым иелеріне нақты тапсырмалар беріп, орындалу мерзімін белгіледі.