Мойынқұм таңы

Жүйелі жұмыс болмаса, іс алға баспайды

0 26

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Ермек Амангелдіұлының басшылығымен кезекті апталық мәжіліс өтті. Мәжілісте күн тәртібінде тұрған бірқатар өзекті мәселелер талқыланып, әкімдіктің жауапты бөлім басшылары тарапынан жасалып жатқан жұмыстар барысы айтылды.

Мәжілісті аудан әкімі Ермек Карентаев ашып, ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларының әлеуметтік-экономикалық да­му қорытындылары және қаңтар-қазан айларының болжамы туралы баяндама жасау үшін аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Еркін Кеншімовке сөз берді.

Өз кезегінде бөлім басшысы ау­дандағы өнеркәсіп өндірісі, негізгі ка­питалға салынған инвестициялар көлемі, бөлшек, көтерме сауда айналымының көлемі,ауыл шаруашылығы жалпы өнім­­дерінің оның ішінде егін, мал ша­руа­­­шылығының көлемі, құрылыс жұ­мыстарының және пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы туралы баяндап, жылдың аяқталуына аз уақыт қалғанын ескертіп, жыл аяғына дейін орындалмау қаупі бар негізгі эко­номикалық көрсеткіштерді бақылауға алу үшін аудан әкіміне тиісті тапсырма беруін сұранды.
Осы мәселелерге байланысты ау­дан басшысы Ермек Карентаев аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп, ауылшаруашылық, құрылыс бөлімдерінің басшылары Ә.Әбдіразақов, Қ.Төлеубеков, Ө.Жүнісбековтерге өз сауалын қойып, тәртіптік жауапкершіліктерін қарады. Сон­дай-ақ жүйелі жұмыс болмаса, іс алға баспайтынын алға тартты.

Келесі мәселе салық түсімдерінің орындалуы туралы болды. Аталған мәселе төңірегінде аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Лаура Қазақбаева баян­дама жасады.

Ол өз баяндамасында ауданда ағымдағы жылдың 1-қарашасына меншікті кірістер 2 290,6 млн. теңгеге орындалса, бюджетке 293,2 млн. теңге жоспардан артық түсім түскенін, оның ішінде салықтық түсімдер бойынша 2 259,5 млн. теңгеге немесе жоспардан артық 286,9 млн. теңге артық түссе,салықтық емес түсімдер бойынша 24,4 млн. теңгеге немесе жоспардан артық 2,2 млн. теңге артық түскен. Сондай-ақ негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша 6,7 млн. теңгеге немесе жоспардан артық 4,0 млн. теңге артық түскенін жеткізді. Сонымен қатар 16 ауылдық округтердің жеке тұлғалардың көлік салығы бойынша 296 салық төлеуші қарыз екенін атап, қарыз сомасы 17639,6 мың теңге құрайтын жеткізді.

Баяндаманы тыңдаған аудан әкімі Ермек Карентаев осы берешек сомаларды өндіру жұмыстарын әр ауылдық округ әкімдері өз дәрежесінде жүргізу керектігін ескертіп, ауыл, ауылдық округ әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берді.

Жиын барысында аудан әкімінің орын­басары Мейірхан Төлеулиев «Сала­матты Қазақстан» медициналық пойы­зының ау­данға келу және кету бағыты ту­ралы ақпарат берді.

Мәжіліске аудан әкімінің орын­басар­лары Е.Әмірханов, М.Төлеулиев, аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Қазақбайұлы, бөлім, мекеме басшылары мен ауыл, ауыл­дық округ әкімдері қатысты.