Мойынқұм таңы

Бірлескен отырыс өтті

0 26

Осы аптада «AMANAT» партиясының Мойынқұм аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының және Партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысы өтті. Отырысқа партияның аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракцияның жетекшісі Манарбек Көшкімбаев, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, мәслихат депутаты Нұртас Саурықов төрағалық етті.Отырыстың күн тәртібіне ««AMANAT» партиясының Мойынқұм ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасының 2024 жылға арналған көрсеткіштерінің орындалуы барысы және орындалмау қаупі бар тәуекелдер туралы» аудан әкімі Ермек Карентаевтың, «Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуде орын алған барлық проблемалық мәселелердің себептері және шешу жолдары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы» аудан әкімдігі тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің міндетін атқарушы Талғат Үсенбаевтың, «Аудандық мәслихат депутаттары, фракция мүшелерінің ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлау науқаны барысында сайлаушылардан түскен аманаттардың, сайлауалды бағдарламаларының орындалу барысы туралы» мәселелер енгізіліп, қаралды.

Күн тәртібіндегі бірініші мәселе бойынша сөз алған аудан әкімі Ермек Карентаев жол картасында экономиканың дамуы, инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік сала, жастарды қолдау және экологиялық қауіпсіздік бағыттарында ағымдағы жылға барлығы 65 іс-шаралар мен көрсеткіштер тізбесі белгіленіп, аталған іс-шаралар мен көрсеткіштердің орындалуына «AMANAT» партиясының аудандық филиалы 8 көрсеткіш бойынша жауапты екенін айтты. Осы көрсеткіштердің төртеуі орындалмайды деп күтілуде, — деді ол.

Содан соң сөз алған аудан әкімдігі тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Талғат Үсенбаев, мәслихат депутаттары Бақыт Серібаев, Нұрлан Шиенов, Ғалия Шубаевалар сөз сөйледі. Атқарушы орган өкілдеріне сұрақтар қойылып, анықтамалар берілді. Сонымен бірге жиынға Айдарлы ауылында салынып жатқан спорттық сауықтыру кешені құрылысының мердігері Нұрбек Оңалбеков қатысып, өзіне қойылған сауалдарға жауап берді. Депутаттық фракция және комиссия мүшелері Жамбыл Қалыбаев, Бақыт Серібаев, Нұртас Саурықов көтерілген мәселелер бойынша ұсыныстар айтты.

Отырыста күн тәртібіне енгізілген мәселелер толық қаралып, ұсыныстар талқыланып, шешім қабылданды.