Мойынқұм таңы

Қоғамдық қабылдау өтті

0 28

Осы аптада «AMANAT» партиясының аудандық филиалының мәжіліс залында аудан әкімі Ермек Карентаев қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдауға аудандық мәслихаттың төрағасы Нұртас Саурықов, партия аудандық филиалының төрағасы Манарбек Көшкімбаев, аудан әкімінің орынбасары Ержан Әмірханов, аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы Эльдар Кокушев, аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Талғат Үсенбаев, Мойынқұм ауылдық округінің әкімі Рүстем Тұрарқұл және БАҚ өкілі қатысты.

Келушілер тарапынан аудан орталығы аумағынан аудандық мұрағат мекемесін салу үшін жер қарастыру мәселесі мен орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылу сынды мәселелер ұсынылды. Аталған мәселелер бойынша аудан басшысы бастаған құрам нақты жауаптар берді.