Мойынқұм таңы

Прокуратура қызметкерлері марапатталды

0 30

Прокуратура – құқық қорғау органдарының түпқазығы. Жыл сайын 6 желтоқсанда Қазақстан прокуратурасының қызметкерлері кәсіби мереке – Республика прокуратурасы органдарының құрылған күнін атап өтеді.

Осыдан тура 33 жыл бұрын Жоғарғы кеңес төралқасы «Қазақ КСР прокуратура органдарының бірыңғай жүйесін құру, олардың дербестігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы» қаулы қабылдады.

Осы жылдар ішінде әрбір прокурордың басты міндеттері азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекет пен қоғамның мүдделерін қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету болып келеді.

Қазақстан Республикасы Прокуратура қызметкерлерінің күніне орай аудан әкімі Ермек Карентаев пен аудандық мәслихат төрағасы Нұртас Саурықов Мойынқұм аудандық прокуратурасының ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Бұл күні ауданның құқықтық саласындағы басты қорғаушы органдарының еңбегі ерекше аталып өтті.

Прокуратура – заңның үстемдігін қамтамасыз ететін, халықтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда басты рөл атқаратын мекеме.
Осы күнді пайдаланып, аудан басшылығы прокуратура қызметкерлеріне Алғыс хаттар беріп, құрмет көрсетті