Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын дарынды жастардың арасында кеңінен насихаттау, жастардың бойында инновациялық идеяларын арттыру, ғылыми шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Білім өркениеті ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «ҚР оқушыларының 100 үздік көшбасшысын анықтау» форумы өтті.
Оған ауданымыздың М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінің 5 сынып оқушылары Айару Мейірхан, Санжар Еділбай, Кәусар Сержандар қатысып, Қазақстанның 100 үздік оқушысы қатарына енді.
Бұл оқушылардың зейінін ашып, оқу білімге баулып, шәкірттерінің жүрегіне жол таба білген ұстазы аталған мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Фатима Ахметова.
– Форумға шақырылмас бұрын оқушылар олимпиада, ғылыми жобалар сайыстарында жеңістерінен әзірлеген портфолиоларын дайындады. Сонымен қатар, мектепішілік, мектептен тыс өмірде айналысқан қоғамдық жұмыстар жайлы да нақты ақпараттар берді. Нәтижесінде «ҚР оқушыларының 100 үздік көшбасшысы» атанумен қатар, ұйымдастырушылардың І дәрежелі дипломы және арнайы төсбелгісімен марапатталды,-дейді Фатима Мұхамбетқызы.
Иә, ауданымызда дарынды да білімді оқушылардың шығуы аудан ұстаздарының жемісі десек артық айтқандық емес. Ендеше дарынды оқушыларымыздың алған асуларымен шығар биіктері көп болғай.