Мойынқұм таңы

Халық қалаулысы қабылдау жасады

0 26

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің де­путаты Нұрымова Гүлдара Алданышқызы Мойынқұм ауда­нына жұмыс сапары аясында Бірлік ауылындағы Жел­тоқсан клубында қоғамдық қабылдау жасап, тұрғындардың өтініштерін тыңдады.

Қабылдау барысында пошта ғимаратын әкімшіліктің балансына алу мәселесі, газ құрылысын сапалы жүруіне бақылау жүргізу, ауылдық дәрігерлік амбулаторияны ау­руханаға айналдыру, стадионға қоршау орнатылса деген сұрақтар көтеріліп, жауапты сала өкілдерімен талқыланды.

Сондай-ақ Гүлдара Алданышқызы Бірлік ауылындағы «Байбарақ-Агро» ауылшаруашылық өндірістік коопера­тивінің жұмысымен танысты.
«Байбарақ-Агро» ауылшаруашылық өндірістік коопе­ративі 2019 жылы құрылған. Жер көлемі 100 га, оның ішінде жоңышқа 75 га, жүгері 10 га, тары 15 га. Кооперативте 13 техника жұмыс істеуде.

Іссапар барысында «AMANAT» партиясы Мойынқұм аудандық филиалының төрағасы М.Көшкімбаев, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Б.Қалымбетовтер де бірге жүрді.