Мойынқұм таңы

Жылдық жоспар талқыға салынды

0 28

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін атқарушы Заурбеков Еркін Әзімханұлының төрағалығымен аппараттық кеңес отырысы өтті.

Күн тәртібіне «2025 жылға әзірленген жобалық сметалық құжаттамалар туралы», «2024-2025 жылғы жылыту маусымының өту барысы туралы», «Отбасының цифрлық картасы деректерін өзектендіру барысы туралы», «Ауданның 60 жылдығына орай атқарылатын жұмыстар туралы» мәселелер қойылды. Алғашқы екі мәселе бойынша аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сәбит Донбаевтың баяндамасы тыңдалды.

-2025 жылғы республикалық бюджеттің нақтылауына ауыз сумен жабдықтау (2024 жылдан өтпелі жобалар, қосымша қаражат сұралатын, жаңа жобалар) және 2024 жылғы пайдаланылмаған міндеттер бойынша бюджеттік өтінімдер әзірленіп, облыс әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасына ағымдағы жылдың 24-қаңтарына дейінгі мерзімге ұсынылатын болады.

Сондай-ақ, жобаларды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне, яғни, Астана қаласына ағымдағы жылдың 6 ақпанында салалық бөлім басшылары барып қорғау мақсатында жұмыстар жүргізіледі, — деп бірінші мәселені қорытындыласа, екінші мәселе бойынша келесідей хабарлады.

— Жылыту маусымының тұрақты, үзіліссіз өтуіне қажетті дизельдік генераторларды орнату бойынша 15 Квт 3 фазалық дизельдік генератордың 10 данасы алынып, орнатылды. Атап айтқанда, Мыңарал орта мектебіне, Шығанақ орта мектебіне, Шығанақ ауылындағы «Қуаныш» балабақшасына, Ақбақай негізгі мектебіне, Мирный ауылындағы Терешкова атындағы орта мектебіне, Биназар ауылындағы О.Жандосов атындағы орта мектебіне, Бірлік ауылындағы Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектебі мен «Ақбөпе» балабақшасына, Қияқты станция­сындағы Ағыбай батыр атындағы негізгі мектебіне, Хантау ауылындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектебіне 1 данадан қазандықтарына орнатылды.

Алдағы уақытта 10 дана дизельдік генератор алып, орнату жұмыстары жүргізіледі. Қалған 10 дана дизельдік генераторларды жылыту маусымы аяқталғанға дейін орнату жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Жалпы, жылыту маусымына дайындық жұмыстары және жылыту маусымының барысы аудандық штабтың тұрақты бақылауына алынған, — деді Сәбит Көбейұлы.

Келесі мәселе бойынша аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Самат Тынышбеков хабарлама жасады.

-Аудандық орталық аурухананың өкілдері, ауылдық округ, ауыл әкімдері «D» және «E» санатындағы міндетті медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылмаған 1222 азаматтарды РПН арқылы мекенжайларын анықтап, тіркелген мекенжайлары бойынша тұрмайтын, басқа өңірлерге және басқа мемлекетке көшіп кеткен адамдарды анықтап, көші-қон қызметіне ұсынып тіркеуден шығарту жұмыстарын жүргізуді және тізімге сәйкес тұрып жатқан мекенжайы бойынша адамға МӘМС жүйесіне жарналарын аудару бойынша түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырулары қажет, — деді бөлім басшысы.

Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Төлеулиевтің хабарламасы тыңдалды. Хабарламадан кейін бірқатар жауапты тұлғаларға сұрақтар қойылып, талқылау өтіп, түсініктеме берілді.

Аппараттық кеңесті қорытын­ды­лаған аудан басшысының міндетін атқарушы Еркін Заурбеков қаралған мәселелер бойынша орынбасарлары мен аппарат басшысына, бөлім басшы­ларына, ауылдық округ әкімдеріне бірқатар тапсырма берді.