Ағымдағы жылдың 22 қаңтарында аудан әкімдігінің мәжіліс залында Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкеловтің және аудан әкімі Ермек Карентаевтың қатысуымен «Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылы атқарған жұмыстары және 2025 жылы алда тұрған міндеттері туралы» кеңейтілген комиссия отырысы өтті. Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кеңейтілген комиссия отырысына аудандық мәслихат төрағасы мен депутаттары, құқық қорғау және сайлау процесіне қатысты уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудандық қоғамдық, ардагерлер кеңестерінің жергілікті қауымдастық, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.
Комиссия отырысында Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сержан Садуақасов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы баяндап, 2025 жылға қойылған міндеттерімен бөлісті.
Сонымен қатар, аудан әкімі аппаратының басшысы Нұркелді Қазақбайұлы сайлаушылар тізімін өзектендіру және Заңнама талаптары аясында жергілікті атқарушы орган мен сайлау комиссияларының өзара іс-қимылы туралы баяндады.
Жиында қатысушылар тарапынан қойылған талап-тілектер тыңдалып, заң талаптарына сәйкес жауаптар берілді.
Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Өмірзақұлы комиссия отырысының маңыздылығы, облыс көлеміндегі сайлау мәселелері, сайлау жүйесіндегі жаңа реформалар, сайлаудың ашықтығы мен жариялылығы, кандидаттардың сенім білдірген адамдары мен саяси партиялардың байқаушыларының құқықтары мен міндеттері, сайлаушылар тізімдерін өзектендіру жұмыстары туралы баяндады.
Сондай-ақ кеңейтілген комиссия отырысында аудан әкімі Ермек Амангелдіұлы кеңеске қатысушыларға ізгі тілегін білдіріп, комиссия отырысын қорытындылады.