Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» атты тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Бірлік ауылында көшпелі қоғамдық қабылдау өткізілді. Шараға аудандық мәслихаттың төрағасы Нұртас Саурықов пен аудан әкімдігінің ауылшаруашылық, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, мәдениет және тілдерді дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, жер қатынастары бөлімдері мен «Мансап» орталығының басшылары қатысып, тұрғындарды қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан жұмыспен қамту, кәсіпкерлік ашу, ағын су, тұрғын үй салуға жер алу, медициналық жарақтандыру, электр қуатының бағасы тағы да басқа мәселелер көтеріліп, заң аясында түсіндірме берілді. Сондай-ақ шешімін қарастыру қажет мәселелер жазып алынып, тиісті орындарға ұсынымдар жолданатын болды.
Осындай көшпелі қоғамдық қабылдау шаралары бекітілген кестеге сәйкес жыл бойы жалғасатын болады.