Мойынқұм таңы

Үздік бастауыш партия ұйымы

0 25

«AMANAT» партиясының маңызды іс-шараларының бірі – «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық бай­қауының Мойынқұм ауданы бойынша бірінші кезеңі өткізілді. Бұл байқау партияның бастауыш ұйымдарының үздік тәжірибелерін насихаттауға, партия жұмысын жетілдірудің инновациялық әдістерін анықтауға, сондай-ақ қоғамда партияның атқарған жұмыстарының нақты нәтижелерін көрсету арқылы оның қатарын нығайтуға бағытталған.

Іс-шараға арнайы құрылған комиссия мүшелері қатысты. Олар бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жіті зерттеп, әртүрлі саладағы қызметін бағалады. Комиссия өз жұмысында ұйымдардың тәжірибесін тарату, үздік тәжірибелерді бөлісу және партия қатарына белсенді мүшелерді тарту мақсаттарын басшылыққа алды.

Байқаудың аудандық кезеңіне аудан бойынша 19 бастауыш партия ұйымы қатысты. Ұйымдар екі санат бойынша сынға түсті. Бірінші санатта ережеге сай 100-ден 500-ге дейінгі партия мүшелері бар ұйымдар бақ сынаса, екінші санатта 500-ден асатын мүшелері бар ірі бастауыш партия ұйымдары қатысты.

Нәтижесінде, бірінші санат бойынша ерекше көзге түскен «Мыңарал» бастауыш партия ұйымының төрайымы Төлеукүл Кәрібаева жоғары ұйымдастырушылық қабілетімен І орынды иеленді. Одан кейін ІІ орын «Орталық» бастауыш партия ұйы­мының төрайымы Ғалия Шубаеваға бұйырды. Ал, ІІІ орынды лайықты түрде «Бірлік» бастауыш партия ұйымының төрайымы Назгүл Даниярқызы жеңіп алды.
Үлкен ұжымдық жұмысты талап ететін екінші санат бойынша үздіктердің қатарынан көрінген «Тәлімгер» бастауыш партия ұйымының төрайымы Жаңыл Әшірімбетова өз шеберлігімен І орынды жеңіп алып, бай­қаудың екінші кезеңіне жолдама алды.

Байқаудың қорытындысы бойын­ша бар­лық жеңімпаздар бағалы сыйлықтар және арнайы дип­лом­дармен мара­патталды. Соны­мен бірге, әр санатта үздік атанған бастауыш партия ұйымдары облыстық кезеңде аудан намысын қорғауға мүм­кіндік алды.

Бұл шара аудандық партия ұйым­дарының дамуына тың серпін беріп, олардың жұмыс тиімділігін арттыруға зор үлес қосады. Партия мүддесі үшін адал қызмет атқарып жүрген барлық ұйымдарға алғыс айтылып, оларға алдағы кезеңдерде үлкен табыстар тілейміз.