Өңір басшысы Ербол Қарашөкеевтің қолдауымен 2025 жыл Жамбыл облысында «Кітап оқу жылы» болып жарияланды. Осы жоба аясында аудандық орталық кітапханада «Кітап-асыл қазына» атты кітап фестивалі өтті. Фестивальға аудан әкімі Карентаев Ермек Амангелдіұлы, аудандағы зиялы қауым өкілдері, кітапхананың тұрақты оқырмандары мен мектеп оқушылары, мектеп кітапханашылары қатысты. Алдымен қатысушыларды аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Ғалия Шубаева Бейсебайқызы ауданның 60 жылдығына орай «Мойынқұм – тарихи өлке», «Бір ел – бір кітап», «Ел болып оқимыз», «Ұлы Абайдың туғанына -180 жыл» тақырыбындағы кітап көрмелерімен, кітаптармен өрілген кітап инсталляцияларымен таныстырып өтті. «Әжемнің ертегісі» жобасы бойынша «Ертегілер елінде» тақырыбында кең көлемде кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапхана жанынан құрылған «Алтын босаға» қызығушылық клубының мүшелері әжелер кішкентай оқырмандармен ертегі оқыды. «Букинариум», «Кітап мен сені сүйемін» атты кітап инсталляциалары іс-шараның көркін аша түсті. «Кітап оқимыз, ұсынамыз» аясында аудан әкімі Е.Карентаевқа кітапхана қызметкері Қайрат Жолдыбайұлының «Кемел адам» кітабын оқуға ұсынды. Кеш соңында кітапхананың тұрақты оқырмандары Мерей Талғат, Әйгерім Көшкінбек, Өнер және қосымша білім беру мектебінің «Театр» үйірмесінің жетекшісі А.Мумееваның тәрбиеленушілері әдеби монтаждар оқып, көпшілікті кітап оқуға шақырды.
Фестивальдің негізгі мақсаты – өңір тұрғындарын кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқырман мәдениетін қалыптастыру. Жастарды кітап оқуға баулып, рухани тәрбиені ұлттық негізде дамыту. Бүгінгі жаһандану заманында ұлттық құндылықтарымызды сақтау.