Мойынқұм таңы

Мойынқұм ауданы: ауыл шаруашылығындағы жетістіктер мен даму бағыттары

0 44

Мойынқұм ауданының негізгі экономикалық тірегі – ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өндірісі. 2024 жылы бұл салада айтарлықтай оң өзгерістер орын алды.

Мал шаруашылығы
Аудандағы мал басы тұрақты өсімді көрсетуде:

Мүйізді ірі қара саны – 53,6 мың бас (4,9%-ға артты);

Жылқы саны – 14,4 мың бас (15,4%-ға артты);

Қой мен ешкі саны – 147,4 мың бас (7,5%-ға артты);

Түйе саны – 1,1 мың бас (5,5%-ға азайды).

Сонымен қатар, сүт өндірісі 2,8 мың тоннаны құрап, 3,7%-ға артты, ал жұмыртқа өндірісі 1770,3 мың данаға жетті.

Өсімдік шаруашылығы және суармалы егіншілік
Аудандағы суармалы егістік көлемі 3805 га болып бекітілді. Бұл жерлерге масақты дақылдар, көпжылдық шөптер, көкөністер, бақша дақылдары және жүгері егілді. Суармалы егіншілікті дамыту мақсатында 49,6 млн теңге бөлініп, каналдарды тазалау, нығайту жұмыстары жүргізілді.

Ауыл шаруашылығы техникасы
Ауданда 535 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы бар, олардың ішінде 281 трактор, 34 соқа, 5 қопсытқыш, 2 дән сепкіш бар. Көктемгі дала жұмыстары толық аяқталды.

Мал азығын дайында:
2024 жылы 249,3 мың тонна шөп дайындалып, жоспар 106%-ға орындалды. Мал азығы қорын жинау бойынша 3 ауылдық округте жұмыс жүргізілді.

Су үнемдеу технологиялары
Аудан бойынша 50 гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізілді. Бұл бағытта түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиімді суару әдістері қолданыла бастады.

Асыл тұқымды мал шаруашылығы
13 шаруа қожалығы асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысады. Қазіргі таңда 8466 бас ірі қара (қалмақ, ангус, ақбас тұқымдары) және 7200 бас қой өсірілуде.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы
Бағдарлама аясында 49 азамат 475,9 млн теңгеге 53 жоба ұсынып, 99 жаңа жұмыс орны ашу жоспарлануда. Оның ішінде ауыл шаруашылығы бағытында 9 жоба (63,1 млн теңге), кәсіпкерлік бойынша 35 жоба (276,9 млн теңге) қаржыландырылуда.

Ауыл шаруашылығы саласының даму қарқыны Мойынқұм ауданында жоғары деңгейде. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Е.Әмірханов, Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары