Мойынқұм таңы

Терроризмге қарсы түйткілдер тарқатылды

0 37

Аудан әкімдігінде аудандық терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда комиссияның 2024 жылы атқарған жұмысының нәтижесі туралы баяндалып, 2025 жылға қойылған жоспарлары қаралды.

Күн тәртібіне енгізілген мәселелер отырысқа қатысушылар тарапынан кеңінен талқыланып, ұсыныс-пікірлер ортаға салынды. Ақпараттандыру жұмыстары мен іс-әрекет алгоритмі түсіндірілді.

Жиын соңында күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті мекемелерге хаттамалық тапсырмалар берілді.