Мойынқұм таңы

Арнайы тактикалық жаттығу өтті

0 22

Өткен аптада Абылайхан алаңында «Көктем-2025» кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің азаматтық қорғаудың аумақтық құрылымдарымен өзара әрекет ету бойынша арнайы тактикалық жаттығу өтті.

Оған аудандық №18 өрт сөндіру, полиция бөлімдері, аудандық электр желілерін тарату, «Қазақтелеком», «Мойынқұм су-жылу», аудандық аурухана, санэпидстанция мекемелері қатысты.

Алдымен аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғау майоры Ербол Қашқымбаев аудан әкімінің орынбасары, аудандық эвакуациялық комиссия төрағасы Еркін Заурбековке аудандық шұғыл әрекет ету құрамының сапқа тұрғызылғаны және жаттығуға дайын екендігін баяндады. Содан соң эвакуациялық комиссия мүшелері шұғыл әрекет ету құрамының жұмыс істеуін тексерді. «Комсомол» елді мекеніне баратын жолдың жарылу қаупі бар тұстары нығайтылды.