Мойынқұм таңы

Тіл мәртебесі – ел мәртебесі

0 27

Осы аптаның сәрсенбісінде аудандық Ж.Қуанышбаев атындағы музейде «21 ақпан – «Халықаралық ана тілі» күніне орай «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты мәдени іс-шара өтті. Қоғамның ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, жас жеткіншектерді өз тілдерін құрметтеуге және өзге тілдерді де білуге тәрбиелеу мақсатында өткен іс-шара аудандық музей мен Өнер және қосымша білім беру мектебінің қызметкерлерінің бірлесе ұйымдастыруымен өтті.

Кешті музей қызметкері Әсел Таңсықба­ева ашып, жүргізді. Өнер және қо­сымша білім беру мектебіндегі «Тіл дамыту» үйірмесінің жетекшісі Гүлсім Тастанбекованың ұйымдастыруымен, осы үйірменің оқушылары Ақниет Панарбек, Ақсезім Панарбек, Әділжан Құдайберген, Әли Рахым Марат, Нұрлыбек Керімбек, Нұрым Мақсұт, Інжу Мақсұт, Жансая Мырзағалилар тіл туралы өлең шумақтарын оқыды. Әдеби монтаждан кейін Інжу Мақсұт «Қазақстан» әнін орындаса, Нұрым Мақсұт «Алаш аманаты» күйін домбырамен орындап, жиналғандар көңілін бір серпілтті.

Шара соңында «Тіл дамыту» үйір­месінің жетекшісі Гүлсім Тастанбекова мен оның оқушылары аудандық музей тарапынан Алғыс хаттармен марапатталды.