Мойынқұм таңы

Оқыту-семинары өтті

0 19

Ағымдағы жылдың 26 ақпанында аудан орталығындағы аудандық мәдениет үйінде Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің сайлауын ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» тақырыбы бойынша оқыту-семинары өтті.

Оқыту-семинарына Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшелері, Мойынқұм аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының толық құрамы, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органның сайлау процесіне қатысты өкілдері, тиісті бөлім басшылары, Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Дәріс беру алдында барлық ко­миссия мүшелерінен «Сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес білім деңгейін анықтауға бағытталған тест өткізілді.
Оқыту-семинарының бағдарламасына сәйкес Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов қатысушыларды семинар-тренинг бағдарламасымен таныстырды. Сонымен қатар «Қазақстандағы сайлау жүйе­сін трансформациялау барысы, жал­пыға бірдей сайлау құқығы» және «Қа­зақстан Республикасының аудандық маңызы бар қала, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округ әкімдерін сайлау бойынша процестегі ерекшеліктері туралы» тақырыбы аясында конституциялық заңға тоқталып өтті.

Сондай-ақ оқыту бағдарламасына сәйкес Жамбыл облыстық аумақтық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларының мү­шелері баяндама жасады.

Дәріскерлер оқытылған тақырыптарды практикалық тұрғыда шыңдау мақсатында учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерімен ситуациялық сұрақтарға талқылау жүр­гізіп, сондай-ақ семинар-тренингте тың­даушылардың сайлау процесін ұйым­дастырудың құқықтық негіздерін білу деңгейлерін анықтауға мүмкіндік берді.

Семинар соңында комиссия мү­шелерінен «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің сайлауын ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» тақырыбы бойынша аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған семинар-тренингтің» нәтижесін анықтауға ар­налған тест алынды. Сегіз сағаттық оқыту-семинарына қатысып, біліктілігін арттырған барлық комиссия мүшелеріне сертификаттар табысталды.