Мойынқұм таңы

Алғыс айту күні – бірлікті нығайтар мереке

0 19

1 наурыз – «Алғыс айту күні» және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай аудан әкімі Ермек Карентаев аудан әкімдігінің мәжіліс залында ауданға еңбегі сіңген бірқатар этнос өкілдері мен белсенді азаматтарды қабылдап, айтулы мерекемен құттықтады. Шараның басында ҚР мемлекеттік Әнұраны орындалды.

2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні, 1 Наурыз – Қазақстанда «Алғыс айту күні» болып жарияланды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы – 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің Жар­лығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.

Осы орайда ауданның дамуына қосқан өзіндік үлестері үшін және аудандағы іс-шараларға белсенді ат­салысып жүрген азаматтар мен этнос өкілдері Людмила Терлікбаева, Құлжабек Белбаев, Гүлзада Әбілдаева, Мұханбетқұл Сабыров, Зина Исаева, Серғазы Қылышбаевтарды аудан әкімі «Алғыс айту» күніне орай арнайы Алғыс хаттар мен гүл шоқтарын табыс етті.

Сонымен қатар аудандық мәслихат төрағасы Нұртас Саурықов құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар азаматтарға Алғыс хат табыстады.

Жиын соңында Ермек Амангелдіұлы жиналғандарға жылы лебізін білдіріп, ақжарма тілегін жеткізді. Кездесу Мәдениет үйінің өнерпаздарының ән шашуымен аяқталды.