Жақында аудандық мәслихаттың мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Оған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасының басшысы Ербол Бақтыхожаев, аудан әкімінің орынбасарлары Мейірхан Төлеулиев, Әлібек Нұрадинов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы мен кеңес мүшелері, жекелеген мекеме, бөлім басшылары, ауыл әкімі, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Г.Сейдуалиева ZOOM бейне байланыс арқылы қатысты.
Жиынды аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сағынғали Аманов ашып, жүргізіп отырды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша алдымен «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Мойынқұм аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №34-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Еркін Кеншімов баяндады.
–Жалпы аудан бюджетінің кірістер бөлігі 6 805 451,0 мың теңгені, оның ішінде салықтық түсімдер 2 879 847,0 мың теңге, салықтық емес түсімдер 39 860,0 мың теңгені, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 12 000,0 мың теңге, трансферттер түсімі 3 873 744,0 мың теңге шығыстар бөлігі 6 805 451,0 мың теңгені құрады.
Бюджет қаражатының бос қалдықтары 625 296,0 мың теңге пайдаланылды,–деді бөлім басшысы.
Айдарлы ауылында жаңадан салынып жатқан кітапхана мен 90 орындық клубының жүргізілген жұмыстарының барысы туралы мердігер «НИК Тараз» ЖШС-нің прорабы Ерғали Дүйсенов, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ««Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атқарылған және алдағы уақытта өткізілетін іс-шаралары туралы» мекеме директоры Мәди Күнту хабардар етті.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының орындалуы жайында Кеңес ауылдық округінің әкімі Әділет Мұқашев хабарлады.
Күн тәртібіне қойылған екінші мәселе бойынша салынып жатқан 90 орындық клубқа қатысты мердігер «НИК Тараз» ЖШС-нің прорабы Ерғали Дүйсеновке қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан сұрақтар қойылды. Мердігер қазіргі таңда жұмыс жүріп жатқандығын, құрылысты 2025 жылдың 23 мамырына дейін аяқтайтындығын мәлімдеді.
Жиын соңында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Еркін Кеншімовтің «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Мойынқұм аудандық маслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №34-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы хабарламасы қоғамдық кеңес мүшелерімен келісілді. Айдарлы ауылындағы кітапхана мен 90 орындық клубтың құрылысын және спорттық-сауықтыру кешенін толық аяқтау 2025 жылдың 23 мамырына белгіленді. Аталған жұмыстардың уақытында аяқталуын қадағалау аудан әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Марапат Қырғызбайға тапсырылды.