Мойынқұм таңы

Ұлы Жеңіске – ұрпақтан тағзым

0 26

Мойынқұм ауылындағы Жазылбек Қуанышбаев атындағы музейде ауданның ақсақалдары мен жастарының қатысуымен «Ерлік ешқашан ұмытыл­майды» тақырыбында экскурсия ұйым­дастырылды. Экскурсия барысында жиналғандарға Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің суреттері, экспонаттары мен экспозициялары музей ұжымы тарапынан таныстырылды. Сондай-ақ Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Жеңіс саябағына ауданнан майданға аттанған ардагерлердің есімін мәңгілікке қалдыру мақсатында арнайы жиын өтті.

Музейдің кіші залында Мойынқұм ауылының ардагерлер кеңесінің төра­ғасы, қадірлі ақсақалымыз Мұқанбетқұл Сабыровтың еңбегі ерекше аталып өтті. Ақсақал өз күшімен 3130 майдангердің тізімін жинақтап, олардың ерлігі мен есімін ұрпақ жадында қалдыруға зор үлес қосты.

Жиында ардагерлер тізімін то­лықтыру, кейбір есімі енбей қалған майдангерлерді енгізу жайы да кеңінен талқыланды. Егер сіздің ата-әжеңіз соғысқа қатысқан болса, есімі тізімде бар-жоғын Жастар орталығының маманы Таңшолпан Құлбаевадан (87002653489) нақтылап біле аласыз. Бұл – тарихи әділдікті қалпына келтіру жолындағы маңызды қадам. Ерлік ұмытылмайды! Ұрпақ парызы – батырлардың есімін жаңғырту.