Мойынқұм таңы

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облысық өкілі ауданда болды

0 22

Ағымдағы жылдың 17-18 сәуірінде ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев Мойынқұм ауданының тұрғындарымен кездесулер өткізіп, жеке қабылдау жүргізді. Кездесуде өкіл Қазақстан Республикасының Конституциясы, БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясы мен Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы туралы айтып, олардың маңыздылығы мен міндеттерін түсіндірді.

Өкіл адам мен азаматтың 40 іргелі құқықтары, оларды қорғау және іске асыру тетіктері, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заң жайында кеңінен мәлімет берді.

Кездесу барысында Адам құ­қықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысындағы өкілінің функционалдық міндеттері мен атқарылған жұмыстары туралы ақпарат ұсынылды. 2024 жылы 211 арыз-шағым қаралса, 2025 жылдың 1 тоқсанында өкілдікке 34 өтініш келіп түсті, оның 27-сіне түсіндірме беріліп, 7 өтініш қанағаттандырылды.

Құқықтық ағарту бойынша 62 іс-шара өткізілді, 4 мақала жарияланып, телеарна мен радиода 3 интервью берілді. Өкіл құқықтар мен бостандықтарды қалпына келтіру мақсатында 15 ұсыным енгізіп, 2 өтінішхат жолдады.

Бұл кездесу аудан тұрғындарының құқықтарын қорғау, олардың мәселе­лерін шешу үшін маңызды қадам болды.