Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 03 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес аудан әкімінің тұрғындармен кездесуі әрбір жартыжылдықта өтуі тиіс.
Осыған орай аудан әкімі Ермек Карентаев Ақбақай, Мирный ауылдарының тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында ақбақайлықтар тарапынан Ақбақай мен Мирный елді мекендері арасындағы жолдың сапасын жақсарту, ауылдағы ауыз су мәселесін түбегейлі шешу және көлік жүргізушілерінің қауіпсіздігі үшін жол белгілерін орнату мәселелері көтерілді.
Мирный ауылының тұрғындары ауызсу мәселесі, балалар алаңы, мектептің болашағы, құрылыс қатты қалдықтары, спорт алаңы және Мирный-Қияқты ауылдарының арасындағы жолды жөндеу сияқты сауалдармен қайырылды.
Аудан әкімі мен оның орынбасарлары, сондай-ақ тиісті бөлім басшылары тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, көтерілген мәселелерді шешу бойынша нақты тапсырмалар берді.
Бұл кездесулер жергілікті халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды. Аудан басшылығы тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін назарға алып, алдағы уақытта тиісті шаралар қабылдауға уәде берді.
Ауыл тұрғындары әкімдік тарапынан көрсетілген назар мен қолдауға ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта да осындай кездесулердің жиі өткізіліп тұруын тіледі.