1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай ауданда тұратын түрлі этнос өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесуде партия аудандық филиалы жанындағы Саяси Кеңес мүшелері, аудандық орталық аурухана бас дәрігері Данияр Ахмеджанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұманазар Көдеков құттықтау тілек білдірді. Жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтап, партия аудандық филиалы атынан Алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етілді. Партия мүшелері А.В. Шнер, Т.Н. Набокова сөз алып, ел бірлігін сақтауға атсалысуға шақырып, көрсетілген құрметке ризашылықтарын жеткізді.