Аудан әкімі Ермек Карентаев аудан орталығы Мойынқұм ауылының тұрғындарымен жүздесті. Кездесуде ауыл әкімі Рүстем Тұрарқұл есеп беріп, ауылда атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
Тұрғындар тарапынан ауыз су, тұрғын үй және каналға су келтіру мәселелері көтерілді. Аудан басшысы әрбір сұрақ назардан тыс қалмайтынын айтып, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Мұндай кездесулер — халық пен билік арасындағы ашық диалог алаңы екенін көрсетті.