«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы аясында «AMANAT» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен қоғамдық кездесулер өтті. Іс-шараға аудан әкімі Ермек Карентаев пен мемлекеттік органдардың басшылары қатысып, азаматтарды жеке қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді ашық жеткізді. Атап айтқанда, дәрігерлер баспана мәселесін көтерсе, ауыл тұрғындары балалар алаңдарын көбейтуді сұрады. Аудан әкімі бұл ұсыныстардың назарға алынып, шешу жолдары қарастырылып жатқанын айтты.
Сонымен қатар, Жамбыл және Қылышбай ауылдық округтерінде мобильді қабылдаулар ұйымдастырылды. Бұл кездесулерде азаматтар әлеуметтік көмек, жұмысқа орналасу, тұрғын үй және жер қатынастары мәселелері бойынша нақты жауап алды.