Мойынқұм таңы

Ауылдың көркі бұзылмасын

0 17

Аудан әкімі Ермек Карентаев орын­басарларымен, Мойынқұм ауыл­дық округі әкімімен және тиісті мекеме басшыларымен бірге аудан орталығында орналасқан, ауылдың сәулеттік сәнін бұзып тұрған нысандарды аралап, олардың жағдайын тексерді.

Мақсат – ауданымыздың көркіне нұқсан келтіретін ескірген және жа­рамсыз ғимараттарды анықтап, оларды қалпына келтіру немесе бұзу шараларын қарастыру. Ауылдың инфрақұрылымын жақсарту және аудан орталығының сәулеттік келбетін жаңарту бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізу қажет екендігі атап өтілді.

Аудан әкімі Мойынқұм ауылының көшелерінде орын алған қираған және қауіпті жағдайдағы ғимараттарды тексеріп, жауапты мекеме басшы­ларымен бірге нақты шараларды тал­қы­лады. Бұл – тұрғындардың қауіп­сіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Мойынқұмның көрікті, таза және қолайлы болуын қамтамасыз ету мақсатында жасалып отырған маңызды қадам екені айтылды.

Аудан әкімінің айтуынша, бұл жұмыстар ауданның эстетикалық жағ­дайын жақсартуға ғана емес, оның эко­номикалық даму жолында да маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ, қоғамдық орындарды жаңғырту тұрғындардың өмір сапасын арттыруға да әсер етеді.

Алдағы уақытта бұл мәселелерді шешу үшін тұрақты жұмыстар атқа­рылады.