Мойынқұм таңы

Халық пен билік арасындағы алтын көпір

0 18

17 мамыр – Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні қарсаңында Мойынқұм ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып жүрген сала қызметкерлері аудан әкімінің қолынан марапаттарға ие болды.

Аудан әкімі Ермек Карентаев өз сөзінде байланыс саласының қоғамдағы маңызын ерекше атап өтті. Ақпараттың шынайы әрі жедел таралуы, халықпен байланыс орнату, түрлі қызметтерді үздіксіз жеткізу – осының бәрі осы сала мамандарының тынымсыз еңбегінің нәтижесі екенін айтты.

Ауданның ең шеткі нүктесіне дейін интернет пен байланыс желісін жеткізу, төтенше жағдайларда жылдам әрекет ету, цифрлық технологияларды енгізу – осының бәрі кәсібіне адал, жауапкершілігі жоғары мамандардың арқасы.
Ақпараттық жүйелер, пошта байланысы, телекоммуникация, цифрлық инфрақұрылым – бүгінде өміріміздің ажырамас бөлігі. Осы бағыттарда еңбек етіп жүрген әр қызметкер құрметке лайық!

Сала үздіктері аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды. Бұл – ел дамуына үнсіз, бірақ маңызды үлес қосып жүрген мамандарға деген шынайы алғыс пен ризашылық белгісі.

Қымбатты байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері! Сіздердің кәсіби мере­келеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті, қызметтеріңіз құрметті болсын!