Мойынқұм таңы

МұхаммедӘминнің Қазақстан чемпионатындағы жеңісі

0 26

Тараз қаласында 2012 жылы туған жас­өспірімдер арасында өткен Қазақстан Респуб­ликасының футбол чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарысқа еліміздің үздік командалары қатысып, шеберліктерін ортаға салды.

Нәтижесінде 1-орынды Жамбыл облысы, 2-орынды Шымкент қаласы, 3-орынды Ақтөбе облысының командасы иеленді.

Бұл МұхаммедӘмин Мәдібектің облыс құрамындағы алғашқы Қазақстан чемпиона­тындағы жеңісі. Оның жаттықтырушысы — Омаров Ержеткен Серғалиұлы.

Жас чемпионның жетістігін ерекше атап өту мақсатында аудан әкімі Ермек Карентаев МұхаммедӘминді және оның жаттықтырушысы Ержеткен Омаровты арнайы қабылдап, Алғыс хатын табыс етті. Әкім жас спортшыға алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруына тілектестік білдірді.