Ағымдағы жылдың 18 мамыры күні қызметтік өкілеттіліктерінің мерзімі аяқталған Кеңес, Қызылтал, Қызылотау және Ұланбел ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.
Әр округте ауыл әкімі лауазымына 4 үміткер түсті. Сайлауға бей-жай қарамаған аталған ауылдардың тұрғындары өздерінің қалауларымен 4 азаматты ауыл басшысы етіп сайлады.
Жуырда аудан басшысы Ермек Карентаев Айдарлы, Көкжелек, Күшаман және Ұланбел ауылдарына арнайы барып, ауыл тұрғындарына сайлауда ең көп дауыс жинап, ауыл әкімі лауазымына сайланған Әділет Мұқашев, Думан Атаев, Жандос Қуантаев, Еркебұлан Абасов сынды азаматтарды ауыл тұрғындарына таныстырып, жаңа қызметтеріне зор табысқа жете берулеріне тілектестігін білдірді. Аудан басшысы сайланған азаматтар Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың сарабдал саясатын округ көлемінде жүзеге асыруға белсене атсалысып, ауылдың экономикасы мен мәдениетін көтеруге зор ықпал жасайтындығына сенім білдірді.
Ауыл басшысын таныстыру жиындарында сөз алған тұрғындар ауылдың жаңа әкімдеріне өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқаратындықтарына сенім артып, қызметтеріне табыс тіледі.