Мойынқұм таңы

Аудандық қоғамдық кеңестің отырысы өтті

0 18

Жуырда аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға қоғамдық кеңес төрағасы Сағынғали Аманов төрағалық етті. Отырысқа аудандық мәслихаттың төрағасы Нұртас Саурықов, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Манарбек Көшкімбаев, аудан әкімдігінің бас инспекторы Ғазизбек Сырымбетов, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Гүлнұр Сейдуалиева ZOOM бейнебайланысы арқылы қатысты.

Отырыста бірқатар маңызды мәсе­лелер қаралып, тиісті сала бас­шы­ларының есептері тыңдалды. Қоғам­дық кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыларға нақты сұрақтар қойы­лып, ұсыныстар мен пікірлер айтылды.

Күн тәртібінде: аудан көлеміндегі қоғамдық тәртіптің жай-күйі, мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйым­дастыру, жер қатынастары бөлімінің қыз­меті, ауданның жаңа логотипі жобасы, бірқатар ауылдық округ әкімдерінің хабарламалары қаралды.

Отырыс барысында қоғамдық ке­ңес мүшелері Бағлан Жүнісбеков, Жұманазар Көдеков және Шахикерім Исабеков ауылдағы қоғамдық тәртіп, жас­­өспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, жерлерді мемлекет мен­шігіне қайтару және мал ұрлығының алдын алу мәселелері бойынша нақты ұсыныстарын білдіріп, бұл бағыттағы жұ­мыстардың орындалуын бақылауды тиісті мекемелерге тапсырды.
Жиын соңында қоғамдық кеңес тө­мендегідей шешімдер қабылдады:

Аудандық полиция бөлімінің бас­шысы Алмас Көпбаевтың қоғамдық тәртіп туралы, аудандық білім бөлімінің басшысы Жайдар Жазықбаевтың жазғы демалысты ұйым­дастыру туралы, жер қатынастары бөлімінің басшысы Эльдар Кокушевтің есептері назарға алынды, Мойынқұм ауданының жаңа логотипінің жобасы мақұлданды.

Биназар және Хантау ауылдық ок­ругтері әкімдерінің хабарла­малары қа­былданды.
Сонымен қатар, отырыста мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арт­тыру бойынша бірқатар ұсыныстар да қабылданды.

Атап айтқанд, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында тұрғындарға электронды қызмет көр­сетудің артық­шы­лықтарын кеңінен тү­сіндіру;
Мемлекеттік қызмет көрсету қағи­да­ларын халыққа жеткізу бойынша тұрақты кездесулер ұйымдастыру;

Қызмет көрсетуден бас тарту кезінде нақты себептерді заңнамалық негіздерге сілтеме жасай отырып көрсету;

Бас тартуға негіз болған жағдайда қыз­мет алушымен тыңдалым рәсімдерін өткізу;
Қызмет көрсету мерзімдері мен тәр­тібінің бұзылмауын бақылау;

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы жүйелі түрде жариялап отыру;

Өз-өзіне қызмет көрсету бұрыш­та­рының жұмысын жандандырып, оның халық арасында қолжетімділігін арт­тыру.

Аталған ұсыныстар мен қабылданған шешімдер қоғамдық бақылауды кү­шейтіп, жергілікті атқарушы органдар жұмысының ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.