Мойынқұм таңы

Аудан әкімі Ермек Карентаевтің мемлекеттік қызметші және Қазақстан полициясы күндерімен құттықтауы

0 18

Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

Мемлекет қызметінің маңыздылығы мен қажеттілігі ескеріле отырып, 2013 жылдан бері «23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер күні» болып бекітілгелі лайықты аталып келеді. Заң аясында қалыптастырылған ережелерге сәйкес, халық тарапынан орындалуды қажет ететін бірқатар негіздемелерді түсіндіре отыра іске асырып, бағыттау да қоғам жаңашылдығының көрінісінен сипат береді. Осы тараптан мемлекеттік қызметкерді абыройлы міндет иесі деп бағалауымыз артық емес. Ел дамуы жолында бірқатар салалардың басын біріктіріп, әлеуметтік мәнге толы шараларды экономикалық алға басу қадамдарын жұмыла атқаратын әкімшілік тарапындағы кызметкерлер. Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіз, ауданымыздың гүлденуі мақсатында аткарылған жұмыстарыңыздың нәтижесі деп ұғынуға болады. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай келе, ұлтымыздың бірлігі мен берекесі үшін орындалып жатқан істеріңізге сәттілік, табыс тілей отырып, отбасыларыңызға амандық, ынтымақ тілеймін.

Құрметті полиция қызметкерлері!
Өмірде орын алып жаткан түрлі оқиғалардың мән-жайын анықтап, түбегейлі зерттеп, тиісті шараларды қолданатын, ақ пен қараны ажыратушы беделді, мамандық иесі сіздер деп білеміз. Қызмет бабын бұлжытпай орындап, ел тыныштығы үшін тік тұрып қызмет жасап жүрген сіздердің еңбектеріңіз қашан да марапатқа лайықты. Марқасқа азаматтар шебін құраған мамандық иелері сіздерге абырой мен мол табыстар, отбасыларыңызға бақыт-береке, қажымас қайрат тілеймін. Қашанда ел алдындағы еңбектеріңіз жана берсін!