Ауданымызда «TazaQazaqstan» экологиялық акциясы аясында кең ауқымды жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды.
Игілікті шараға аудан мекемелері, ұйым қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен ерікті жастар белсене қатысып, туған өлкенің тазалығы мен көркейюіне өз үлестерін қосты. Аудан аумағындағы қоғамдық орындар, көшелер, саябақтар, су арналары мен аулалар тазартылып, тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстар жиналды. Шара барысында көгалдандыру, ретке келтіру және абаттандыру жұмыстары да қатар жүргізілді.
Бұл сенбілік – табиғатты аялау, ұрпаққа таза, қауіпсіз қоршаған орта қалдыру бағытындағы нақты іс. Мұндай игі бастамалар халықты бірлікке үндеп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, ел мен жерге жанашырлықпен қарауға жетелейді.
Тазалық – тәртіп пен мәдениеттің айнасы. Ауыл көркі – ауласынан, көше көркі – тазалығынан. Табиғат — адамзаттың ортақ үйі, ал оны қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы.
Қоршаған ортаны таза ұстау, оны қастерлеу – патриотизмнің биік көрінісі. Әрбір тұрғынның табиғатқа деген жанашыр көзқарасы туған өлкеміздің гүлденуіне жол ашады. Бүгінгі сенбілік – тек тазалық жұмысы ғана емес, қоғамды қоршаған ортаны аялауға тәрбиелейтін тағылымды іс-шара.