23 маусым – Мемлекеттік қызметші, Полиция және Сот жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті.
Салтанатты жиынды жүргізуші Қажымұрат Әбдіқадыров ашып, мерекелік лебізімен кештің шымылдығын түрді.
Кеш барысында мемлекеттік қызмет жүйесінің жаңғыруы, сот реформалары, қоғамдық тәртіп пен ел тыныштығын сақтау жолындағы тәртіп сақшыларының еңбегі туралы мазмұнды ойлар айтылып, қоғам тіршілігіндегі осы үш саланың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Салтанатты жиында алғашқы құттықтау сөзді аудан әкімі Ермек Амангелдіұлы Карентаев сөйлеп, мемлекеттік қызмет пен құқық салаларында абыройлы еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлерді марапаттады.
Облыс әкімінің Құрмет грамотасымен Биназар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жанат Көпбаевты, аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мәлік Мұқашевті марапаттаса, Мойынқұм ауылдық округінің әкімі Рүстем Тұрарқұлды Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға қосқан елеулі үлесі және табиғи өртті оқшаулау барысында белсенділік танытқаны үшін Жамбыл облысы әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
Аудан әкімі аппаратының инспекторы Бекнұр Жалдыбай, Мойынқұм ауылдық округі аппаратының бас маманы Шәміл Мұсаханұлын ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Алғыс хатын табыстады.
Биназар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Қанат Көпбаев, Мойынқұм ауылдық округі әкімінің көмекшісі Әсет Үмбеталиева, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Ұлан Ерболатұлы Әліпбеков «Мойынқұм ауданына – 60 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Сонымен қатар, Шығанақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жазира Секенқызы Сеиловаға, аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің бас маманы Серікболсын Нұрлыханұлына, Мойынқұм ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Талғат Үсенбаевқа және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға қосқан елеулі үлесі және табиғи өртті оқшаулау барысында белсенділік танытқаны үшін Биназар ауылдық округінің әкімі Қамбар Атаев аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Сондай-ақ, Мойынқұм ауданы прокуратурасының прокуроры Абылайхан Қосылған аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Осы ретте, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға қосқан елеулі үлесі және табиғи өртті оқшаулау барысында белсенділік танытқаны үшін Мойынқұм ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Арман Ербота, Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Нұрғазы Бейсенбайұлы аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталады.
Полиция қызметкерлерінен аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Нұрбек Станбек аудан әкімінің Құрмет грамотасымен, Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі Қуаныш Қамбар мен аудандық полиция бөлімінің штаб аға инспекторы Нұрлан Тойшыбайұлы аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Сот саласы қызметкерлерінен аудандық сот әкімшісінің бас мамандары Гаухар Маралбаева, Меруерт Назарқұловалар аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Кеш барысында Мойынқұм аудандық мәслихатының төрағасы Нұртас Саурықов, құттықтау сөз сөйлеп, аудандық полиция бөлімінің аға кезекші инспекторы Айдархан Төленовке Мойынқұм ауданының Құрмет грамотасын, аудандық полиция бөлімінің байланыс торабының аға инспекторы Аида Базарбайға аудандық мәслихаттың алғыс хатын табыс етті.
Сондай-ақ «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Манарбек Көшкімбаев сала қызметкерлерін мерекемен құттықтап, Мойынқұм ауылы әкімінің орынбасары Жоламан Шайыахмет пен Қылышбай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Жандос Балғынбаевқа партияның алғыс хатын табыстады.
Салтанатты кеш аудандық мәдениет үйінің әншілері дайындаған концерттік бағдарламаға ұласып, кешке қатысушылар көтеріңкі көңіл-күймен тарасты. Кәсіби мереке иелеріне деген ыстық ықылас пен зор алғысқа толы шара ретінде есте қалды.