Мойынқұм таңы

Қаламы қарымды, сөзі салиқалы басылымға – 60 жыл!

0 16

«Мойынқұм таңы» – атының өзі таңдай қақтыратын, мағынасының өзі тереңге меңзейтін рухани құндылық. Халықтың сөзін сөйлеп, елдің мұңын мұңдап, қуанышын бөліскен бұл басылымға биыл 60 жыл толып отыр. Бұл – тек уақыт межесі емес, бұл – қалам мен халық арасындағы алтын көпірдің бедерлі белесі!

Сонау шөл мен саздың, құм мен қыраттың арасындағы Мойынқұм жұртына алпыс жыл бойы таң шуағындай шындық пен жаңалық таратып келе жатқан «Мойынқұм таңы» газетінің орны – айрықша. Бұл – аймақтың айнасы ғана емес, өлкенің рухани жылнамасы.

«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген Ахмет Байтұрсынұлының сөзі – дәл осы «Мойынқұм таңы» сынды басылымдарға арналғандай. Алпыс жыл ішінде бұл ұжым талай журналистерді тәрбиеледі, талай ойлы оқырманды қалыптастырды. Газеттің бүгінгі бейнесі – кешегінің жалғасы, ертеңнің үміті.

Осы мерейлі сәтте «Мойынқұм таңы» газетінің ұжымын, барша оқырманын, осы басылымда қалам тербеген ардагерлерді және қазіргі еңбек етіп жүрген әріптестерімді шын жүректен құттықтаймын! Еңбектеріңіз жана берсін! Ақпарат майданындағы адал қызметтеріңіз арта берсін!

Ізгі тілекпен, Ғалым ҚАСАБАЙ,
Республикалық «Salyq tartibi»
газетінің бас редакторы,
Қазақстан Журналистер
одағының лауреаты.