9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ауданымызда да жоғары деңгейде аталып өтті. Аталған мерекелік күнге орай аудан әкімдігінде су саласында абыройлы қызмет етіп жүрген бірқатар мамандар салтанатты түрде марапатталды.
Салтанатты қабылдауды аудан әкімі Ермек Амангелдіұлы Карентаев ашып, саланың маңыздылығына кеңінен тоқталды.
— «Су – өмірдің негізі, тіршіліктің өзегі. Су ресурстарын тиімді әрі қауіпсіз басқару – үлкен жауапкершілікті талап ететін міндет. Ауданның тыныс-тіршілігі, ауыл шаруашылығы, халықтың тұрмыс сапасы – осы сала мамандарының тынымсыз еңбегінің арқасы. Сіздердің адал қызметтеріңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін» – деді аудан басшысы.
Марапаттау барысында су саласына сіңірген еңбегі үшін бірқатар мамандар аудан әкімінің арнайы марапаттарына ие болды.
Бейсебаев Бәкен Тұрарқұлұлы – ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін арнайы медальмен, Қасабеков Мұрат Метербекұлы – су шаруашылығы саласындағы табанды еңбегі үшін аудан әкімінің Құрмет грамотасын алса, Ибраев Ерлан Болысбайұлына – өз ісіне адалдығы мен жауапкершілігі үшін аудан әкімінің Алғыс хаты табысталды.
Бұл марапаттар – ауданның су саласында еңбек етіп жүрген жандардың кәсіби біліктілігін, жанкештілігін және ел игілігі жолындағы ерен еңбегін бағалаудың көрінісі.
Саланың озаттарын құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңіз жана берсін.