Мойынқұм таңы

Тұрғындардың сұрағы басты назарда

0 13

Осы аптада аудандық «AMANAT» партиясы филиалында аудан әкімінің орынбасары Төлеубеков Қуандық Серікбайұлы қоғамдық қабылдау жасап, аудан тұрғындарының жеке сұрақтарын тыңдады.

Қоғамдық қабылдауға аудандық «AMANAT» партиясы филиалының төрағасы Манарбек Көшкімбаев, аудандық ветеринариялық бөлімінің басшысы Ернұр Нәдірғожин, ветеринария бөлімінің мамандары қатысты.

Қоғамдық қабылдау барысында Қылышбай ауылының тұрғыны арықтарға су жіберу мәселесі бойынша уәжін айтып, су мәселесін шешіп беруін сұрады. Сонымен қатар, ірі-қара малдарының жиі ауырып, ветеринарлық қызметке жүгінетіндігін айтып, ветеринар мамандарының дер кезінде көмекке келмейтіндігін жеткізді. Аудан әкімінің орынбасары Қылышбай ауылына арықтарға су жіберілгенін жеткізіп, судың ырғағы төмен болғандықтан ауылдың бау-бақшалары толықққанды сумен қамтамасыз етілмегендігін айтып, алдағы уақытта су көлемін ұлғайтуға жұмыс жасап жатқанын өтініш иесіне түсіндірді. Ал, мал ауруына қатысты және ветеринария қызметіне шағым бойынша Министрліктің жаңа талабы бойынша енді ветеринария қызметі бойынша ақылы qr код арқылы жүгінетіндігі туралы, малға салынатын емдік дәрілердің ақылы екені жеткізілді.