Мойынқұм таңы

«Мерейлі отбасы» байқауында мойынқұмдықтар жүлдегер атанды

0 15

Жамбыл облысында өткен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының өңірлік кезеңі өз мәресіне жетіп, үздік жанұялар марапатталды. Салтанатты жиында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев отбасылық құндылықтарды дәріптеудің маңызын атап өтіп, жеңімпаздарды құттықтады.

Мойынқұм ауданы атынан қатысқан Омаровтар отбасы байқауда жүлделі ІІ орынды иеленіп, ау­данымыздың абыройын асқақтатты!
Байқау қорытындысы бойынша:

Бас жүлде – «Бектасовтар отбасы» (облыс атынан республикалық кезеңге жолдама алды). І орын – «Әлімбетовтер отбасы» (Байзақ ауданы). ІІ орын – «Омаровтар отбасы (Мойынқұм ауданы), «Абдуалиевтер отбасы» (Жуалы ауданы) ІІІ орын – «Дауылбаевтар отбасы» (Талас ауданы), «Шайхиевтер отбасы (Меркі ауданы)

«Бұл марапаттар – ұлттың ұйытқысы болған отбасы институтының қоғамдағы рөлін айқындай түседі.

Мойынқұмдық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!