Мойынқұм таңы

Кезекті қоғамдық қабылдау өтті

0 10

Осы аптада «AMANAT» партиясы аудандық филиалында аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Берікұлы Төлеулиевтің қоғамдық қабылдауы өтті.

Қабылдауға келген тұрғындар әлеу­меттік-тұрмыстық мәселелерін, күн­делікті өмірде кездесетін түйткілдерін ортаға салып, өз өтініш-тілектерін жет­кізді. Олардың арасында жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек, инфрақұрылым және ауылдық жерлердегі өзекті мәселелер қозғалды.

Әрбір азаматтың ұсынысы мен сауалы мұқият тыңдалып, бірқатар мәселелер бойынша нақты жауап берілді. Ал шешімді талап ететін сұрақтар бойынша тиісті мекемелерге тапсырмалар жүктелді.

Аудан әкімінің орынбасары тұр­ғындармен еркін форматта пі­кірлесіп, халықпен ашық диалог жүр­гізудің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай қабылдаулар – тұрғындардың мұң-мұқтажын жедел жеткізіп, билік пен халық арасындағы сенімді арттыруға бағытталған тиімді алаң.

«AMANAT» партиясының аудандық филиалында ұйымдастырылған қо­ғамдық қабылдау – партияның басты қағидаты болып табылатын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұ­жырымдамасын жүзеге асырудағы ма­ңызды қадамдардың бірі.