Мойынқұм таңы

Ветеринария саласына қоғамдық мониторинг жүргізілді

0 11

Аудан әкімі Ермек Карентаев Жамбыл облыстық қоғамдық кеңесі аудан бойынша ветеринария саласына қоғамдық мониторинг жүргізу және азаматтардың өтініштерін қарау мақсатында жеке қабылдау өткізді.

Қабылдауға Жамбыл облысы қоғамдық кеңесінің төралқа мүшесі Арқабек Төлебаев, облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Рәпілбек Ағыбаев, Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Олжас Көкей, аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Ернұр Нәдірғожин және аудандық қо­ғамдық кеңестің төрағасы Сағынғали Аманов қатысты.

Іс-шара барысында аудандық ве­теринария мамандары өздерінің өтініш­тері, сұраныстары мен ұсыныстарын жеткізіп, тиісті жауаптар алды. Сонымен қатар, облыстық қоғамдық кеңес мүшелері мен облыс мамандары ветеринария қызметінің нақты жағдайын бағалау мақсатында Күшаман, Биназар және Мойынқұм ауылдарындағы нысандарды аралады.