Мойынқұм таңы

Аудан тұрғындарының өтініштері назарға алынды

0 10

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықпен кез­десудің жаңа форматын енгізу жө­ніндегі Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Ермек Карентаев елді мекендерді аралап, тұрғындармен ашық диалог жүргізуді жалғастыруда.

Жуырда аудан басшысы Күшаман ауылы мен Қызылтал ауылдық округтерінің халқымен жүздесті. Кездесулерге аудан әкімінің орынбасарлары, тиісті бөлім басшылары және жергілікті тұрғындар қатысты.

Жиындарда ауыл халқы өздерін тол­ғандырған маңызды мәселелерді ортаға салды. Күшамандықтар көмір бағасының қымбаттауы, жаяу жүргіншілер жолын салу, жайылымдық жердің тапшылығы мен ауыл шаруашылығына қатысты өзекті сұрақтарды көтерді. Ал Қызылтал тұрғындары ауыз су тапшылығын шешу, ауылға спорттық алаң салу, көшелерді толықтай асфальттау, мектепке күрделі жөндеу жүргізу немесе жаңа мектеп салу қажеттігін айтты.

Аудан әкімі Ермек Амангелдіұлы барлық өтініштер мен ұсыныстарды мұқият тыңдап, тұрғындармен ашық пікір алмасып, нақты шешу жолдарын түсіндірді. Атап айтқанда, Қызылталдағы ауыз су мәселесіне қатысты қазіргі уақытта мердігер компаниямен сот процесі жүріп жатқанына қарамастан, аудан өз күшімен бұл проблеманы шешуге барынша күш салатынын жеткізді. Спорттық алаң салу болашақта инвесторлардың көмегімен жүзеге асырылатыны айтылды, ал жол­дарды асфальттау жұмыстары міндетті түрде жалғасады.

Сонымен қатар әкім жауапты орын­басарлар мен бөлім басшыларына тұр­ғындардың мәселелерін тиімді әрі нақты шешу үшін тапсырмалар берді.

Осындай ашық кездесулер ауыл тұр­ғындарына өз мәселелерін тікелей айтуға мүмкіндік беріп қана қоймай, билік пен халық арасындағы сенімді нығайтып, ортақ шешімдер табуға жол ашады.