Мойынқұм таңы

Ауданның жаңа прокуроры таныстырылды

0 8

Аудан әкімдігінің ғимаратында аудан басшысы Ермек Карентаевтың және Жамбыл облысы прокурорының орынбасары Азамат Күреңкей, аудан активінің қатысуымен ауданның жаңа прокуроры таныстырылды. Бұл лауазымға Бекмұратов Қайсар Мұратұлы тағайындалды.

Білімі:
– 2007-2010 жылдары Қазақ ұлттық университеті Құқықтану мамандығы бойынша,

– 2010-2011 жылдары М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің құқықтану мамандығы бойынша магистратурасын бітірген.
Еңбек жолы:

Қайсар Мұратұлы прокуратура саласында 2012 жылдан бері жұмыс істейді.
Әр жылдары Жамбыл облысы прокуратурасының бірнеше басқармаларында және аудандық прокура­тураларда түрлі жауапты қызметтер атқарған. Соның ішінде Қордай, Сарысу аудандарында аудандық прокурордың орынбасары қызметін атқарған.

Соңғы тағайындалғанға дейін Абай облысы, Мақаншы ауданының прокуроры болған.

Ауданның құқықтық тәртібін қамтамасыз ету жолындағы жұмысына сәттілік тілейміз! Елімізге адал қызмет етуіне тілектеспіз!