Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен жүзеге асып жатқан мемлекеттік әлеуметтік жоба аясында Мойынқұм ауданында «Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы» тақырыбында футболдан жарыс ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды. Футбол сайысына аудандағы мектеп оқушылары белсенді түрде қатысты. Әр команда өзара тартысты ойын көрсетіп, жоғары деңгейдегі спорттық дайындықтарын паш етті. Ойын барысында әділқазылар алқасы жарыстың ережелерін сақтай отырып, жеңімпаздарды әділ анықтады. Жарыс соңында үздік ойыншылар мен жеңімпаз командалар медаль, кубок және арнайы қаржылай сертификаттармен марапатталды. Мұндай спорттық іс-шаралар жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, өзара достық пен ынтымақты нығайтуға, сондай-ақ діни экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыруға үлкен үлес қосады. Футбол – тек спорттық бәсеке емес, ол командалық рухты, тәртіптілікті және жауапкершілікті арттыру арқылы жастарды бірлікке, бейбіт өмір мен татулыққа үндейтін құрал болып табылады.
Ақпарат
- Бельгийские студенты проявили интерес к проекту «Читающая нация»
- Бельгиялық студенттер «Кітап оқитын ұлт» жобасына қызығушылық танытты
- РИНАТА СҰЛТАНОВА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРЫС КҮНІ ҚАЗАҚСТАНҒА АЛҒАШҚЫ АЛТЫН МЕДАЛЬДІ ӘКЕЛДІ
- АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО ҚАЗАҚСТАНҒА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕКІНШІ АЛТЫНЫН ӘКЕЛДІ
- ҮШІНШІ АЛТЫН! ЖОЛАМАН БИГАБЫЛ КАРАТЭДЕН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
- 8:0 — СОФЬЯ БЕРУЛЬЦЕВА ҚАЗАҚСТАН ҚОРЖЫНЫНА ТӨРТІНШІ АЛТЫН МЕДАЛЬДІ САЛДЫ
- Білім, спорт, геология және ауыл медицинасы: жаңғыру бағытындағы нақты қадамдар
- Образование, спорт, геология и сельская медицина: конкретные шаги к обновлению
- ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ТАБИҒАТҚА ЖАНАШЫРЛЫҚ ПЕН ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
- ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ЗАБОТА О ПРИРОДЕ И ОБЩАЯ ОТВЕТСТВЕННОСТЬ