Мойынқұм таңы

Құрылыс нысандары бақылауда

0 6

«AMANAT» партиясы аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасының Жол картасы аясында Мыңарал ауылдық округіндегі «Қашқантеңіз ауылы су құбыры желілерінің құрылысы» нысанына партиялық зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Аталған жоба ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуда. Нысанның жалпы жоба құны 640,9 млн. теңге, ал келісімшарт құны 612,7 млн. теңгені құрайды.

Құрылыс жұмыстарын «СК-АВС» ЖШС мердігер мекемесі атқаруда. Сонымен қатар, нысанның сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында техникалық қадағалауды «Тараз-Строй-Инжиниринг-2015» ЖШС, ал авторлық қадағалауды «Диас-проект» ЖШС жүзеге асыруда.

Бүгінгі таңда жобаның құрылыс жұмыстары 50 пайызға орындалған. Комиссия мүшелері құрылыс жұмыстарының сапасына, материалдардың стандарттарға сәйкестігіне және белгіленген мерзімнің сақталуына назар аударып, тиісті ұсынымдар берді.

Партиялық бақылау комиссиясы бұл нысанды өз бақылауында ұстай отырып, жобаның толық әрі сапалы аяқталуын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды жалғастыратын болады.